FlyArystan ұшағынан ақау шықты: рейстер кешігуі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Астана әуежайында ұшақ бұзылды

Фото: flyarystan.com

Air Astana компаниясы Астана әуежайында FlyArystan ұшағы зақымданғанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұшақ бірнеше күнге мәжбүрлі тұраққа қойылды. Әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбау салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған.

«Бұл жағдай әуе компанияның кестесіне, рейстердің орындалуына кері әсерін тигізіп отыр. Әуекомпания Астана әуежайында операциялық қиындықтар туындап, қолайсыз жағдай болғанына өкініш білдіретінін хабарлайды», - делінген хабарламада.