Атырау облыстық ПД басшысының орынбасарынан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Шенеуніктің екі күн бұрын «Теңіз» кеншінен келгені белгілі болды

Ақ Жайық

Атырау облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Амангелді коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның «Теңіз» кенішіне іссапармен барғаны белгілі болды.

«Б. Амангелді кеше Теңіз кенішінен келген. Соңғы кездері ол жерде мердігер компания жұмысшылары арасында наразылықтар болып, оқиға орнына жұмыс сапарымен барған. Атырауға келгеннен кейін Б. Амангелді жүргізушімен бірге COVID-19 вирусына анализ тапсырып, нәтиже оң болып шыққан», - делінген жергілікті «Ақ Жайық» басылымында.

Бұған дейін Атырауда күдікті ретінде ұсталған адаммен байланыста болған үш полицейден де коронавирус анықталған болатын.

Айта кетейік, «Теңіз» кенішінде вахталық режимдегі жұмысшылардың арасында қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 113 адамға жетті.