Қайғылы оқиғаға тағы да селфи себеп болды
Өскеменде көпірде тұрып, әдемі селфи жасау үшін жас қыз өмірімен қоштаса жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
YK-news.kz жазуынша, оқиға 5 тамызда түнде Крылов көшесі маңындағы автомобиль көпірінде болған.
Бойжеткен селфи жасаймын деп Үлбі өзеніне құлап кеткен. Куәгерлер полиция мен құтқарушыларды шақырған.
«Құтқарушылар келгенше, ол өз бетінше жағаға шықты», - деп хабарлады ШҚО ПД.