Ақтөбеде есірткі сатушылар 10 жылға сотталды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Олар рейд кезінде ұсталған

Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде есірткі сатушылар 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Наурыз айында полиция қызметкерлері бау-бақша ұжымы ауданында автокөлікті тоқтатып, жүргізуші мен жолаушыдан 2 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркілеген. Ал автокөліктен 90 грамға жуық «синтетика» табылды.

«Сонымен бірге ұсталғанның бірінің тұрғылықты жерін тінту кезінде 7 грамнан астам есірткі заты табылды. Алынған синтетикалық есірткі заттарының жалпы салмағы 99 грамнан асты», - деп хабарлады полиция.

Есірткі құралдарын заңсыз сақтау және тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Сот екі күдіктіні де 10 жылға қатаң режимде бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.