Төреғали Төреәлі досы Елдос Сметовке не сыйлағанын айтты
Төреғали чемпионды «ел-аға» деп атайды
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке жылқы атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Instagram-дағы Stories-те Төреғали өзінің досы Елдос Сметовты дұрыс құттықтай алмағанын айтып, дайындаған сыйлығы жайлы бөлісті.
«Ол Олимпиадаға кетер алдында біз кездесіп, кетер алдында бата қылып едік. Құдай қабыл еткен ғой. Менің оған қандай қатысым бар. Алтынды алған Елдос, досым, құрдасым. Халықтың алтын ұлы», - деді әнші.
Төреғали чемпионды «ел-аға» деп атайтынын айтты.
«Мен оны Ел-аға деп атаймын. Менің досым, ағам. Менде бұрын үлкен ағалар берген жылқы бар. Жақсы асыл тұқымды. Соны сыйға тартамын», - деді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы әуежайында қазақстандықтар дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлде иегері Ғұсман Қырғызбаевты қарсы алды.