Қостанай облысында 19 адамның қаруы тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды

Фото: polisia.kz

Қостанай облысында 19 адамның қаруы тәркіленді. Олар азаматтық қару айналымы туралы заңнаманы бұзған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Прокурорлық тексеру нәтижесінде 494 тәртіп бұзушы білімін тексеруге жіберілсе, 19 отбасылық агрессорға қатысты қаруды алып қою арқылы рұқсаттардың күшін жою жөнінде шаралар қабылданды», - деп хабарлады өңір прокуратурасы.

Заңға сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтар қаруды иеленуге берілген рұқсатты қайтарып алуға негіз болуы мүмкін. Алайда, кейбір жағдайда қорғау нұсқамасы болғанымен, рұқсатты қайтарып алу шарасы жасалмаған.

Тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.