$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы емханасынан 340 млн теңге ақша жымқырған есепшілер сотталды

Олардың әрқайсысы 7 жылдан бас бостандығынан айырылды

Алматы емханасынан 340 млн теңге ақша жымқырған есепшілер сотталды
Фото: Istockphoto

Қалалық емхананың бас бухгалтері мен есепшісі 4 жыл бойы жоқ кадрлардың шоттарына жалақы аударып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты №30 қалалық емханасының бас бухгалтері Х. пен поликлиниканың есепшісі Т-ға қатысты «бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе ысырап ету» бабымен туралы қылмыстық істі қарады.

Соттың хабарламасында жазылғандай, бас бухгалтер мен есепші, 2019 жылдың  маусымнан 2023 жылдың қараша айына дейін жұмыс істемейтін адамдардың карточка шоттарына жалақы мен үстемелерді аударып отырған. Осылайша жалпы сомасы – 340 387 113 теңгені қалтаға басқан.

Емхананың бас бухгалтері мен есепшісі бірдей уақытқа - 7 жылға сотталды, сонымен қатар, оларға 5 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары