Жыл басынан бері екі мың адам суға түсуге болмайтын орындарда шомылған

Автор: Темірхан Айжан

Бұл жауапкершілікке тартылғандардың саны 

Фото: Istockphoto

Жыл басталғалы 2000 адам тыйым салынған орындарда шомылған. Бұл туралы бүгін ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу кезінде Ішкі істер органдарының қатысуымен 10 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар мен патрульдер жүргізілді. Тыйым салынған жерлерде шомылған 2000-нан астам адам жауапқа тартылды. Алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орынға масаң күйде келген  700-ден астам, ұсақ бұзақылық жасаған 400 - ден астам адам жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері суға батқан 14 адамды құтқарып алды. Ішкі істер органдары құзіреті шегінде су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдады», - деді ол.

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күн сайын 15 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық Ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылады. 4 мыңнан астам маршрут қамтылған.