Елдегі тәртіпсіздіктер бесінші күнге созылды
Ұлыбританияда 3 бала кісі қолынан қаза тапқаннан кейін Ливерпуль, Манчестер, Мидлсбро, Бристоль, Белфасте қалаларында шерулер басталып, 3 маусымнан бастап оның арты тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW-ға сілтеме жасап.
Роттардам қаласында бетперде киген адамдар босқындар тұрып жатқан қонақүйдің терезелерін сындырған. Салдарынан 10 полиция жарақат алды. Мұндай шабуыл Тамуэрт қаласында да болған. Мидлсбро қаласында 100-ге жуық адам көшеге шығып, кейбірі полицияларға кірпіш, банка, гүл құмыралары сияқты қолына түскен заттарды лақтырған. Ал Олдершотта ондаған адам босқындарға қарсы бейбіт акция өткізген.
Халл, Бристол, Манчестер, Сток-он-Трент, Блэкпул, Белфастта қарсылыққа шыққандар дүкендерді қиратып, полициямен қақтығысқа түскен.
Бұл көтерілістерге 29 шілдеде Саутпорт курортты қалашығында мигранттар отбасынан шыққан 17 жастағы жасөспірім балалардың би үйірмесіне кіріп барып, 3 қыз баланы пышақтап өлтіргені себеп болған. Күдікті одан басқа 8 балаға пышық тыққан, зардап шеккен 5 баланың жағдайы өте нашар. Бүлдіршіндерді қаскөйден құтқарам деп ұмтылған екі ересек адам да жарақаттанып ауруханаға түскен.