Алматыда бойжеткен биіктен құлап, мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Алматыда «Акварель» тұрғын үй кешенінің маңынан бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шамамен 18-20 жас аралығындағы жас қыз биіктен құлап кеткен. Куәгердің бірі қатты шапалақтың дыбысын естігенін айтты. Үйдің төбесінен, шамамен 12 қабат биіктіктен, жас қыз құлаған болуы мүмкін, деді куәгерлер.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша Бостандық ауданы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Алматы ПД.