Ақтөбе облысында 15 шетелдік заңсыз мектеп салған

Автор: Azattyq Rýhy

Олар елден шығарылды

Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында полиция заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 15 шетелдікті анықтады. Көрші елдің азаматтары мектеп салумен айналысқан.

«Шетелдіктер полиция бөліміне жеткізілді. Оларға әкімшілік хаттамалар толтырылып сот шешімімен елден шығарылды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерге қатысты шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін хаттама толтырылды», - деп хабарлады ПД.