СҚО-да 32 млн теңгенің бидайы ұрланды
Күдіктілер анықталды

СҚО-да 32 млн теңгенің бидайын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияға Тимирязев ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бірінің жетекшісі жүгінді. Аталған ЖШС аумағынан салмағы 200 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімі ұрланған.
«Бидай 2024 жылғы мамыр айының соңында және маусым айының басында түнгі уақытта тіркемесі бар КамАЗ жүк көліктерімен шығарылған. Шығын 32 миллион теңгеге жуықтады», - деп хабарлады СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы.
Жүк көліктерінің жүргізушілері мен 1982, 1985 жылдары туған екі күдікті, сондай-ақ көршілес Қостанай облысындағы сатып алушылар анықталды.
ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Барлық автокөлік тәркіленіп алынды. Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Кәсіпкерлік объектілерінің иелерімен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Аумақты қоршауға, объектілерді бейнебақылаумен, сигнализациямен, күзетпен күшейтуге кеңес береміз. Аталған шаралар аумаққа заңсыз кірумен байланысты мүліктік қылмыстарды жасау қауіпін айтарлықтай төмендетеді», – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.