Астанада ер адам құрылыс кезінде шұңқырға құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Астанада ер адам құрылыс кезінде шұңқырға құлап кетті

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Нұра ауданында жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылардың бірі тереңдігі 2 м шұңқырға құлап, аяғын жарақаттап алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшыға шұғыл медициналық көмек көрсетіп, оны жер бетіне көтерді.

Ер адам оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметіне табыстады.

Тегтер: