Астанада 15 мың дана қалампыр өртелді (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Гүл Түркиядан жеткізілген

Фото: видеодан скриншот

Түркия елінен жеткізілген гүлдер партиясы жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Астана Халықаралық әуежай» ФББ-де өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында Түркия елінен әкелінген 30 қорап, 15 000 дана қалампыр гүлдер партиясының батыс гүлді трипсі карантиндік нысанымен залалданғанын анықтады», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бүлінген партияның бір бөлігі тәркіленіп, сот шешімі бойынша өртеу арқылы жойылды.