Ол қылмыстың көп түрі ЛГБТ контентіне байланысты көбейді дейді
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция төрағасының орынбасары Ринат Зұлхайыров ведомство петицияны толық зерттегенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Авторлардың ЛГБТ ғана емес, кез келген басқа жыныстық қатынасты насихаттауға тыйым салу туралы талаптарын қолдайды. Сот-тергеу тәжірибесінің талдауы көрсеткендей, соңғы уақытта жыныстық қылмыстардың, сондай балаларға қатысты осындай қылмыстардың өсуі байқалды. Бұл осындай контенттің көп таралуына байланысты болып отыр. Соңғы екі жылда және биыл балалардың жыныстық қол сұқпауына қатысты қылмыс 21 пайызға, ал, биыл 10 пайызға ұлғайды», - деді ол.
Зұлхайыров атағандай, жалпы жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткіші 44 пайызға өскен.
«Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсету 8,5 пайызға, сексуалдық қарым-қатынасқа итермелеу, лесбиандық және өзге сексуалдық қылмыстар 2 пайызға көбейді. Кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке мәжбүрлеу 25 пайызға көбейген», - дейді маман.
Оның айтуынша, ішкі істер министрлігі осы петиция авторларының талабын толық қолдайды.
Еске салсақ, Астанада «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау болып жатыр.