Ұл бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды
Ақтөбеде 5 жастағы бала 4-қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға кеше кешкісін Ақтөбе қаласында бес қабатты тұрғын үйдің аумағында орын алды.
Ұл бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескертеді:
«Балаларға қамқорлық жасаңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!» - деп ескертті ТЖМ мамандары.
Еске салайық, кеше Теміртауда 6 жасар бала терезеден құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.