31.07.2024, 21:12
Оқиғалар
Теміртауда 6 жасар бала терезеден құлап кетті
Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды
Фото: freepik.com
Бүгін таңертең Теміртауда қайғылы жаңдай болды. Алтыншы қабаттағы терезеден құлап кеткен алты жасар бала ауыр жарақаттар алып, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
31 шілде күні сағат 09:37-де 112 пультіне хабарлама келіп түсті. 2018 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Алынған жарақаттар салдарынан бала сол жерде көз жұмды.
Жыл басынан бері бұл қайғылы оқиға бойынша үшінші өлім жағдайы болып отыр. Жалпы, осы кезеңде Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауының 18 оқиғасы тіркелген.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды