ШҚО-да 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін ауруханада жатыр

Фото: istockphoto.com

2021 жылы туған қыз бала түрлі жарақаттар алып, ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Алтай қаласында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз бала пәтерде тек 11 жастағы ағасымен бірге болған.

Алтай ауданының ТЖБ мәліметінше, терезеде бекіткіш болмаған, тек масаға арналған тор ғана болған. Қыз бала үшінші қабаттан құлап кеткен.

Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен қызда көптеген жарақаттар барын анықтады.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.