Лицей-интернаттың жатақханасындағы өрт: 561 шаршы метр жер жанып кетті (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Ешкім зардап шеккен жоқ

Фото: ТЖМ

Түркістан облысында лицей-интернаттың жатақханасы өртеніп, 561 шаршы метр жер жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдымен Отырар ауданындағы лицей-интернаттың жатақханасында шатыр өртенген.

«Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оқиға кезінде жатақханада бір ғана күзетші болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт толығымен сөндірілді», - деп хабарлады ТЖМ.