Қосшы қаласында жеке тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Ешкім зардап шеккен жоқ 

Фото: видеодан скриншот

Қосшы қаласында жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысы өрт сөндірушілері оқиға орнына жедел жетті.

«ТЖМ күштерімен от оқшауланды. Құтқарушылар 120 шаршы метр аумақта өртті толығымен жойды. Өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖМ.

Зардап шеккендер жоқ.