Пәтерге қамап, қинаған: Петропавлда 18 жастағы жігіттің қыр соңына түскен 4 адам сотталды

Azattyq Rýhy

Бопсалаушылар – 20-23 жас аралығындағы жігіттер

Пәтерге қамап, қинаған: Петропавлда 18 жастағы жігіттің қыр соңына түскен 4 адам сотталды
Фото: polisia.kz

Петропавлда 20-23 жас аралығындағы төрт жігітке қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі 8, 6, 4 жылға, біреуі 4 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар 18 жастағы колледж студентінен ақша бопсалаған.

«Жас жігіт өз өміріндегі болып жатқанның барлығын әлеуметтік желілерге салып жүрген. Нәтижесінде оның бұл әрекеті басқалардың көзіне түскен», - деді полиция.

Төрт жігіт жәбірленушіні жалдамалы пәтерге қамап, қинаған. Психологиялық қысым мен күш қолданған.

«Қысым салдарынан жәбірленуші мобильді қосымшалар арқылы несиелер рәсімдеген. Сондай-ақ, жігіт өзінің соңғы үлгідегі iPhone телефонын 50 мың теңгеге сатқан. Оның ақшасын да бопсалаушыларға берген. Кезекті рет ақша алмақ болған жігіттер жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына келгенде, ол үйінде болмай шыққан. Жастар жалдамалы пәтерге кіріп, 70 мың теңге ақша мен гаджеттерді қуаттауға арналған аккумуляторды ұрлап кеткен», - деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Қылмыс биыл қаңтар-ақпан айларында жасалған. Келтірілген жалпы шығын – 400 мың теңгеден астам.

Айта кетерлігі, сотталған 4 жігіттің үшеуі бұрын сотталған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.