Жыл басынан бері мопед апаттарынан 27 адам қаза тапқан

Автор: Azattyq Rýhy

5 мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған

Фото: depositphotos.com

2024 жылы мопедтердің (скутерлердің) қатысуымен болған апаттан 27 адам қаза тапты. Бұл туралы Үкімет отырысында ІІМ басшысы Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, 39 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жасөспірімдер тарапынан заң бұзушылық тіркелгені үшін 202 ата-анаға айыппұл салған.

Мәселенің шешімі – мопед жүргізушілеріне жүргізуші куәлігін алуды және көліктерін тіркеуді міндеттейтін жаңа заң жобасы, деді министр.  

«Барлық мопед тіркеледі, содан кейін иелеріне мемлекеттік нөмір беріледі. Жүргізуші куәлігін алу қажет болады. Қазір заң жобасы Сенатта», - деді ол.

Жол қозғалысы ережелерін бұзған 5 мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына жеткізілген.