Атырауда 6 жастағы бала үшінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ ескерту жасады

Фото: istockphoto.com

Атырауда 6 жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға кеше кешкісін Атырау қаласында болған.

ТЖМ тағы да ата-аналарға ескерту жасады:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Москит торлары құлаудан қорғамайды;
  • Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

«Балаларға қамқорлық жасаңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!» - деп жазды ТЖМ.