Ақмолада металл қабылдайтын пункт жарыла жаздады

Автор: Azattyq Rýhy

20 оттегі баллоны дер кезінде шығарылды

Фото: ТЖМ

Ақмолада металл қабылдайтын пункт жарыла жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт сөндірушілер металл және қайта өңделетін заттарды қабылдау пунктінің аумағындағы 400 шаршы метр алаңда өртті сөндірді.

«Өрт сөндіру барысында өрт орнынан 20 оттегі баллоны шығарылып, жарылыстың алды алынды. Өрт толықтай сөндірілді, себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖМ.

Зардап шеккендер жоқ.