Семейде аялдамада жолаушының сөмкесінен әмиянды қолды қылған ұры ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шегушінің әмиянында 31 мың теңге болған

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Абай облысында аялдамадағы жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Семей қаласындағы аялдамалардың бірінде 53 жастағы күдікті облыс тұрғынының сөмкесінен әмиян ұрлап кеткен.

Әйелдің әмиянында 31 мың теңге болған.

«Қаскүнемді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері анықтады. Ұрланған сөмке иесіне қайтарылды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген хабарламада.