Атырауда жасөспірім бесінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелді

Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Атырауда жасөспірім бесінші қабаттан құлап, мерт болды. Жергілікті полиция басқармасы «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелгенін» мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 28 шілдеде сағат 06:30 шамасында болған.

«Көпқабатты үйлердің бірінің 5-қабатынан құлап қайтыс болған 2009 ж.т., жасөспірімнің өліміне қатысты өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегімен қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады ПД.

Еске салайық, Атырау облысында 14 жастағы бала түйеге соғылып көз жұмды.