Көлік полицейі қолында бар, тапқан құралдардың көмегімен оны құтқарып қалды
Қонаев қаласында ер адам шұңқырға құлап кетті. Көлік полицейі дер кезінде көмектесіп үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Қонаев станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында болды.
«Полиция қызметкері Азамат Ештай кезекті рет Жетісу станциясындағы қызмет көрсету учаскесін патрульдеуге шыққан. Кенеттен жас полицей ер адамның шұңқырға құлап, өздігінен шыға алмай жатқанын байқайды. Ол дереу шұңқырға жүгіріп барып, қолында бар, тапқан құралдардың көмегімен ер адамға шұңқырдан шығуға көмектескен», - делінген полиция хабарламасында.
Содан кейін жәбірленушіге медициналық көмек ұсынған, алайда ер адам одан бас тартты.
Кейін полиция қызметкеріне алғысын айтқан.