Қызылордада жарылыс болып, төрт бала зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар облыстық балалар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды

Фото: ТЖД

Қызылордада газдың жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирады. Төрт бала зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«28 шілдеде сағат 19:56-да Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасының ағуы салдарынан қирау орын алды. 4 жасөспірім зардап шекті», - деп хабарлады Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта олар облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінде.