Павлодарда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген
Бұл – жыл басынан бері тіркелген 787-ші жағдай
Павлодарда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сағат 09:15 шамасында облыс орталығында Қамзин көшесі, 35 маршрут бойынша келе жатқан автобус жүргізушісі тоқтатылды. Әңгімелесу кезінде полиция қызметкері оның тәртібінің оғаштығын байқады. Сараптама нәтижелері полицияның күдігін растады, автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде болды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылып, қарау үшін сотқа жіберілді. Автобус желіден алынды», – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Жыл басынан бері Павлодар облысында мас күйде көлік тізгіндеген 787 жүргізуші жазаланды, соның 324-і облыс орталығында ұсталды.