Көпшілік мұны дәстүрге балады
Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның кішкентай баланы қолын сүймегені үшін шапалақпен ұрып жіберген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, Ердоған жер сілкінісі кезінде үйлерінен айырылған отбасыларға баспана кілтін табыстау үшін Ризе қаласына келген. Түркияның medyaradar агенттігі жазғандай, бес жасар бала сахнаға ағасымен бірге шыққан.
«Президенттің жанына келген бала бірнеше секунд бойы оған қарап қалған. Сонда Ердоған оның бетінен ұрып қалды. Содан бала оның қолынан сүйген соң, Ердоған бүлдіршінге ақша берді», - деп жазды агенттік.
Еске салайық, Ердоған Түркия әскері кез келген уақытта Израиль аумағына басып кіре алады деп мәлімдеді.
Видео: youtube.com/@Halktvkanali