Олардың мәйіті 30 сәуір күні табылды
Көкшетауда көпқабатты пәтерден қарт ерлі-зайыптының мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Белгісіз біреулер Есенберлин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кіріп, үй иелері - 83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы әйелін өлтіріп кетті. Олардың мәйіті 30 сәуірде таңертең табылды», - деп жазылған хабарламада.
Жедел тергеу тобының қызметкерлері қаскүнемдер балкон әйнегін бөтелкемен сындырып кіргенін анықтады. Криминалдық полиция мен патрульдік қызмет бөлімшелерінің қызметкерлері қылмыскерлерді іздеп жатыр.