Жезқазғанда әйел 4 қабаттың балконынан секіруге оқталды

Автор: Azattyq Rýhy

Куәгерлер полиция шақырып үлгерген 

Фото: Azattyq Rýhy

Жезқазғанда әйел көпқабатты үйлердің бірінің төртінші қабатынан секіруге оқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол балконның қоршауына отырып алған. Оқиға қала орталығындағы Аманжолов көшесінде орналасқан көпқабатты үйде болған.

Әйелді полиция дер кезінде құтқарып қалды.