$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2024, 16:40
Оқиғалар

Шымкентте ер адам жас қызды зорлады: полиция қыздың құрбысын жазалады

Қыздың құрбысына қатысты әкімшілік шара қолданды

Шымкентте ер адам жас қызды зорлады: полиция қыздың құрбысын жазалады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Шымкентте ер адам қызды алып қашып, кейіннен бойжеткен көнбеген соң оны зорлаған. Әлеуметтік желіде тараған 20 жастағы қыздың тағдырына қатысты оқиға күтпеген жалғасын тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше әлеуметтік желіде 20 жастағы қыздың алып қашу құрбаны болғаны туралы ақпарат тарады. Жігіт зорлау арқылы оны көндірген деген мәлімет пайда болды.

Қыздың басына түскен бұл заңсыздыққа қатысты оның құрбысы полицияға шағымданған.

Содан кейін осы фактіге қатысы бар барлық адам полицияға жеткізілді.

«Әлеуметтік желіде тараған қыз алып қашу, зорлау оқиғасына қатысты азаматшадан жауап алынды. Қыз бұл ақпаратты жоққа шығарды және күйеу жігіттің үйінде бір апта тұрғанын айтты. Содан кейін бірге тұрудан бас тартып, кетіп қалған. Қазіргі уақытта ешкімге ешқандай шағымы жоқ. Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан азаматшаға (қыздың құрбысы – ред.) қатысты әкімшілік шара қолданды», - деп түсіндірді Шымкент қаласының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары