Астанада үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Балақай түрлі жарақат алды

Фото: freepik.com

Астанада үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады. Оқиға кеше түнде қаладағы көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түрлі жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ тұрғындарға тағы да ескерту жасады:

«Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз», - деп ескертті ТЖМ.