Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ
Маңғыстау облысында 10 жасар баланы ағыс алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Құрық ауылында ТЖМ құтқарушыларының Каспий теңізінің жағалауында профилактикалық іс-шаралар өткізуі барысында 2014 жылы туған бала құтқарылып, жағаға жеткізілді.
Белгілі болғандай, оны жағадан үрлемелі шеңберде 250 метр қашықтықта ағынмен алып кеткен. Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды!