Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады
Маңғыстау облысында кәсіпкер заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бейнеу ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында «Е» есімді жеке кәсіпкерге 11 млн теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз тағайындалғанын анықтады. Атап айтқанда, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 802-бабының талаптарын бұза отырып, камералдық бақылау нәтижесі бойынша аталған кәсіпкерге әкімшілік өндіріс қозғалған», - делінген Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Прокурордың наразылығы негізінде уәкілетті органның қаулысының күші жойылып, нәтижесімен кәсіпкердің құқығы қорғалды.