$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2024, 17:05
Оқиғалар

Иесіз жатқан 132 км газ құбыры мемлекет меншігіне қабылданды

Ол ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етеді

Иесіз жатқан 132 км газ құбыры мемлекет меншігіне қабылданды
Фото: istockphoto.com

БҚО Қаратөбе ауданы прокуратурасы ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ететін 132 км газ тасымалдау желілерінің иесіз екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Пайдалану ережелері мен сақтық шараларын мұқият сақтауды талап ететін иесіз мүлікке уақтылы қызмет көрсету шараларын қолданбау газдың үздіксіз жеткізілуіне ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар прокурорлардың шаралары бойынша газ құбырын сот арқылы мемлекет меншігіне алған», - деп хабарлады прокуратура.

Газ құбырын мемлекет меншігіне алу алдағы уақытта газбен қауіпсіз қамтамасыз ету және газ құбырлары мен басқа да газ тарату желілерінің зақымдануын болдырмау бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары