Қайтыс болғандар саны әлі де артуы мүмкін
29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт шығып, 38 адам қайтыс болды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қайтыс болған адамдардың 29-ы анықталған. Олардың екеуі Қазақстан азаматы екені белгілі болды.
«38 адам қайтыс болған, 10 адам жарақат алған. Оқиға орнында әлі де болса іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ы, оның ішінде Қазақстан Республикасының екі азаматы анықталған. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста», - делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.