Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді
Оралда 2 көлік соқтығысып, екі адам қайтыс болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, оқиға қалаға қарасты Деркөл кентінде болды.
«18 шілде күні шамамен сағат 14.00-де 65 жастағы жүргізуші Subaru Legacy автокөлігімен Бәйтерек ауданы Белес ауылы жақтан басты жолда келе жатып, 34 жастағы жүргізуші айдаған ВАЗ-2111 автокөлігімен түйіскен. ВАЗ-2111 автокөлігінде бес адам болған. Соның ішінде екі жолаушы көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1972 және 1987 жылғы ер адамдар жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
Ал қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген 1988 жылғы ер адам политравма бөлімшесінде ем алуда. Тағы бір 1988 жылғы ер адам облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды.Екеуінің де жағдайы ауыр.
1985 жылғы ер адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, амбулаториялық ем тағайындалды.