2002 жылы туған қыз дін аман
Қызылорда облысында ТЖМ қызметкері суға батып бара жатқан қызды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кеше Сырдария өзеніндегі Қармақшы ауданында бөлімше командирі, құтқарушы Шәкизат Әлқуат суға батып бара жатқан жерінен 2002 жылы туған қызды алып шыққан. Қазір қыздың жағдайы тұрақты, ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.
ТЖМ барлық азаматтарды суға түсу ережелерін сақтауға шақырады.