Грузияда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ошақ 42 шақырым тереңдікте орналасқан

4,9 балдық жер сілкінісі Грузияның оңтүстік-шығысындағы Дедоплисцкаро муниципалитетінде, Әзірбайжан шекарасына жақын жерде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ұлттық сейсмикалық бақылау орталығы хабарлады. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Кахети аймағындағы Дедоплисцкаро қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км қашықтықта анықталды.

Ошақ 42 км тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 12:08-де тіркелді. Зілзала қуаты Тбилисиде де сезілген, бірақ ешқандай зақым келмеген. Қирау мен зардап шеккендер туралы хабарламалар болған жоқ.