Оның ақшасын алдау жолымен ұрлап кеткен алаяқ көп ұзамай ұсталды
Алматы облысының полициясы алаяқтық жасаған қылмыстық топтың мүшесін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол кәсіпкерлікпен айналысатын облыс тұрғынын 20 миллион теңгеге алдап кеткен.
«Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында тәртіп сақшылары қылмыстық топтың мүшесі - 48 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған адам басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қамауға алынды», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы.
Қазіргі уақытта қылмыстық факт облыстық полицияда тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.