Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді
Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болып, үш адам қайтыс болды. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, жол-көлік апаты бүгін Қызылжар ауданы Бескөл ауылынан 3 шақырым жерде болған.
«Астана – Петропавл» автожолында Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан «Беларус» тракторының тіркемесіне соғылған. Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір 1996 жылғы жолаушы қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Трактордың 35 жастағы жүргізушісі зардап шекпеді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері үш адамның қазасына алып келген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді тағайындау үшін материалдар жинап жатыр.