Демалушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ
Алакөлде су айдынында қалып қойған 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, бүгін Алакөл көлінде 8 адам жағадан 40 шақырым қашықтыққа алыстап қайық қозғалтқышының ақаулығынан су айдынында қалып қойған.
ТЖМ қызметкерлері адамдарды жағалауға жеткізіп құтқарды. Демалушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
«Сақ болыңыздар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!», - деп қоса кетті төтеншеліктер.