30 сəуірдегі сағат 09:40 бойынша эпидемиологиялық ахуал
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 67 адам тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 6, Алматы қаласында – 7, Шымкент қаласында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Қызылорда облысында – 11, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Қостанай облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 8, Ақтөбе облысында – 17, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында 1 адам бар. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 205 адам анықталды. Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 627 адам,
Алматы қаласында – 944,
Шымкент қаласында – 190,
Ақмола облысында – 99,
Ақтөбе облысында – 82,
Алматы облысында – 122,
Атырау облысында – 135,
Шығыс Қазақстан облысында – 20,
Жамбыл облысында – 116,
Батыс Қазақстан облысында – 146,
Қарағанды облысында – 149,
Қостанай облысында – 49,
Қызылорда облысында – 198,
Маңғыстау облысында – 46,
Павлодар облысында – 127,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
Түркістан облысында – 124 адам.
Қазіргі уақытта қауіпті індеттен еліміз бойынша 819 адам жазылып шықты. Өкінішке қарай, 25 адам көз жұмды.