Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі нысан мемлекетке қайтарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Республикалық спорт мектебінің құны 1,2 млрд теңгеге бағаланды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі мектеп мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды.

«17.07.2024 жылы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді. Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды», - деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.

Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлының бас бостандығын шектеу мерзімі 8 жылдан 11 жылға дейін ұлғайтылды.