19.07.2024, 10:45
Оқиғалар
Езіп кеткен: Жетісу тас жолында көлік апатынан екі адам опат болды (ВИДЕО)
Жеңіл көлік қаңылтырға айналды
Фото: видеодан скриншот
Алматы-Өскемен тас жолында жол-көлік апаты тіркелді. Жеңіл автокөлік пен FOTON жүк көлігі соғысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 18 шілдеде Жетісу облысы Алматы-Өскемен тас жолында Сарқант маңында болған. Жол-көлік оқиғасын куәгерлер видеоға түсірді.
FOTON ауыр жүк көлігі мен MAZDA 626 жеңіл автокөлігі соғысқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Көлік қаңылтырға айналған.
«Сот сараптамалары тағайындалды. Жүк көлігі арнайы автотұраққа қойылды. Полиция жол қозғалысының барлық қатысушысын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдарда өте мұқият болуға шақырады», - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Көп оқылған
07.06.2026, 07:21
Найзағай, бұршақ, аптап ыстық: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы
07.06.2026, 06:27
Таиландта бір ай жансақтау бөлімінде жатқан қазақстандық көз жұмды
07.06.2026, 08:33
Алматыда адам өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды (ВИДЕО)
07.06.2026, 15:46
Танысудан бас тартқан қызды ұрған: Ақтөбеде 20 жастағы жігіт сотталды
07.06.2026, 18:35
Найзағай, бұршақ: Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
07.06.2026, 11:10
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдады