Оларға құтқарушылар көмекке келді
Орал қаласында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері орман алқабында адасып кеткен туристерді тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеті адамнан құралған туристер тобы орман алқабына барып, кері қайтарда бағыттарынан жаңылған.
Құтқарушылар тобына хабар түскеннен кейін, олар табылып, елдімекенге жеткізілді.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.