Олар 40 миллион теңгеге жуық қаржыны қалтаға басқан
Атырауға жұмысқа орналастырып беремін деп, 172 адамнан 40 миллион теңгеге жуық ақша алған екі алаяққа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2022-2023 жылдар аралығында Ақтөбе облысының екі тұрғыны азаматтарды Атырау облысында орналасқан мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде етіп, алдау жолымен әр жәбірленушіден 50-700 мың теңге аралығында ақша алғанын анықтады. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, олардың 172 жәбірленушіні алдаған.
Ақтөбе қаласының №2 соты үкім шығарды.
«Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, заттай айғақтармен, сот-экономикалық сараптама қорытындысымен, қылмыстық істегі басқа да дәлелдермен толық расталды. Нәтижесінде сот үкімімен сотталушылар алаяқтық жасауға кінәлі деп танылып, бірі 6 жылға, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандарға коммерциялық ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.