Оны төтенше жағдай қызметкерлері тапқан
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Сандықтау ауданында өте жұмбақ артефакт тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, қазір бұл олжаға қазақстандық ғана емес, шетелдік ғалымдар да таңырқап отыр.
«Артефакт – тасқа қашалған адамның беті. Артефакт туралы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментіне және жергілікті өлкетану мұражайына хабарланды. Қазір артефакт туралы тек Астанадан ғана емес, тіпті алыс шетелден келген ғалымдарға мәлім болды», - деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ежелгі мүсіннің нақты қай дәуірде пайда болғаны белгісіз. Ғалымдардың бірі артефакт қола дәуіріне жатады десе, кейбірі оны түркі кезеңіне жатқызған.